386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуде анимал мен канистерапияға сұраныс артқан

  • 90
  • UPD: 15:25, 06.09.2019

Украинадағы церебралдық сал дертіне шалдыққан балаларды емдеу үшін анимал және канистерапияға сұраныс артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі жекеменшік оңалту орталықтары және ата-аналар емдеу әдісінің бұл түрі бала денсаулығына пайдалы дегенді айтады.

14 жастағы Вованың аяқ-қолында жан жоқ. Сал ауруына шалдыққан баласын анасы талай жерге апарып көрсеткен. «Киевте оңалту орталықтары өте көп, алайда, баламен тіл табыса алатын мамандар тапшы» - дейді Татьяна Васильенко.

Татьяна Васильенко, дертті баланың анасы:

Бұрын қолын мүлдем көтере алмайтын еді. Біз қажетті затын көрсетіп және ұстау қабілетін арттырғымыз келеді. Жақсы нәтиже бар, соны дамыту қажет енді.

Ал Виталий Ковалёв – сал дертіне шалдыққан тоғыз жасар қыздың әкесі. Өзі - Киевтегі танымал оңалту орталығының құрылтайшысы. Бұл оңалту орталығының ерекшелігі сол – мұнда емдеу массажы, психология, логопед, дефектолог және жаттығу залынан бөлек анимал әрі канистерапия әдісі енгізілген. «Әсіресе, жануарлар терапиясының нәтижесі айтарлықтай», - дейді мамандар.

Марина Бодня, иппотерапевт:

Ғажап. Балалар бойын еркін ұстауды үйренді. Өте қуанышты өздері. Қолдарын қимылдата бастайды. Ақырындап еңбектеп, тік отыруға тырысып бірінші қадамын жасаған баланы көрдік.

Виталий Ковалёв, Оңалту орталығының директоры және құрытайшысы:

- Анимал терапияны емдеу әдісін неге енгіздік? Канистерапия мен иппотерапия балаларға қуаныш әкеледі. Емдік дене шынықтыруға жылап баратын бала жылқы терапиясына қуана-қуана келеді. Атқа отырған баланың бұлшық еттері ойнайды және вестибулярлық аппараттың жұмысы жақсарады.

Сал дертіне шалдыққан баланың атқа отырып қуанғанын көрдік. Залдағы бала көп жылайды, ал мұнда дертті бала ақылды жануарға алданып, бір сәт бала боп ойнайды. Бала боп күледі. Жылқы терапиясының жарты сағаттық құны 350 гривен, шамамен 14 доллар. Дегенмен, баланың бір сәттік күлкісі неге тұрады?!

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов

Хабар 24 телеарнасы