387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәжікстанда Рогун СЭС екінші агрегаты іске қосылды

  • 191
  • UPD: 16:39, 09.09.2019

Тәжікстанда Рогун су электр станциясының екінші агрегаты өз жұмысын бастады.

Тәжіктер үшін Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс ашылған станцияны ел Президенті Эмомали Рахмон салтанатты түрде іске қосты.

Айта кетейік, су электр станциясының бірінші құрылысы өткен жылдың 16 қарашасында қолданысқа берілген. Рогун гидро электро станциясы бұл Тәжікстан экономикасы үшін стратегиялық объект саналады. Оның құрылысы 43 жыл бұрын басталған. Нысан Орта Азиядағы ірі су электр станциясы саналады. Сондықтан, Тәжікстан үлкен энергетикалық әлеуетке ие. Себебі, Орта Азиядағы су қорының 60% осы елде орналасқан. Мамандардың айтуынша, дәл осы Рогун ГЭС агрегаты құрылысының тамырына қан жүгіруіне Қазақстанның ықпалы зор екендігін айтады. Себебі, құрылысты жалғастыруға шешім 2014 жылдың 14 тамызында Алматыда қабылданған.

2027 жылға дейін тағы 4 агрегатты іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, әлемдегі ең биік, яғни биіктігі 335 метр бөгет құрылысы да қызу жүріп жатыр. Аталған ГЭС-те өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі жылына 17 млрд кВт құрайды. Осы арқылы Тәжікстан энергетикалық тәуелсіздікке ие болмақ. Әрі, Ауғанстан мен Пәкістанды арзан қуат көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік алмақ.

Авторы: Айнұр Қуат

Хабар 24 телеарнасы