389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде Дүниежүзілік туристік көрме ашылды

  • 157
  • UPD: 14:59, 05.10.2019
Парижде Дүниежүзілік туристік көрме ашылды

Көрмеге алғаш рет бірнеше мемлекеттің туризм саласына жауапты министрлері қатысып отыр. Жалпы бұл шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 34 мың кәсіби маман келмек.

Әлем бойынша Франция - ең тартымды туристтік нарықтардың қатарында. Жыл сайын осы елдің азаматтары саяхатқа 30 миллиард еуро жұмсайды. Ал Азия аймағында француздардың ең жиі баратын жері - Жапония. Бұл әлемдегі ең қымбат елдің бірі. Франция халқы Қазақстанды жақсы біледі, бірақ еліміз туристтік бағыт ретінде аса танымал емес. 

Жан-Пьер Мас, Франция туроператорлары қауымдастығының президенті:

- Қазақстан – француздар үшін жаңа туристтік бағыт. Туристеріміз жағынан елдеріңізге  үлкен қызуғышылық бар деп айта алмаймыз. Алайда Қазақстан үкіметі жергілікті нарыққа инвестиция жасап, өз елін туристтік бағыт ретінде таныстыра бастаса, сұраныс та арта түседі. 

Хабар 24 телеарнасы