389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде шеру полициямен қақтығысқа ұласты

  • 110
  • UPD: 15:50, 08.10.2019
Перуде шеру полициямен қақтығысқа ұласты

Перудің Лима қаласында 300-ге жуық адам ереуілге шықты. Наразы жұрт ел президентінің саясатына наразы. Шара тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты.

Салдарынан полицияға күш қолдануға тура келді. Естеріңізге салайық, өткен аптада Перу президенті Мартин Вискара республика Конгресін тарататынын мәлімдеген болатын. Мұндай шешімге ел депутаттарының Мемлекет басшысының конституциялық сот реформасын қабылдамауы себеп болды. Ал президент шешімімен келіспеген Парламент мүшелері де Мартин Вискара­ның өкілеттігін уақытша тоқтатып, оның орнына вице-президент Мерседес Араосты тағайындады.

Хабар 24 телеарнасы