386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сан-Францискода Қазақстанның бас консулдығы ашылды

  • 191
  • UPD: 21:41, 19.10.2019
Сан-Францискода Қазақстанның бас консулдығы ашылды

Қазақстан Орталық Азия елдері бойынша АҚШ-тың батыс бөлігінде дипломатиялық өкілдігін ашқан алғашқы мемлекет атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба өткен жылдың қаңтар айында Елбасының Вашингтонға сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде жүзеге асты. Бас консулдықтың ашылу салтанатына АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі шетелдік миссиялар мен америкалық ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Калифорниядағы шараға арнайы барған Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов Plug&Play және CISCO компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде олар 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында энергетикалық инновациялық хаб ашуға келісті. Елші бұдан кейін Америка-Қазақстан іскерлер қоғамдастығында жиын өткізді. Сондай-ақ Сан-Францискода білім алып жатқан жерлестерімізбен кездесті.

Хабар 24 телеарнасы