376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда су тасқынынан келген шығын 1 млрд еуроны құрады

  • 307
  • UPD: 14:42, 16.11.2019
Италияда су тасқынынан келген шығын 1 млрд еуроны құрады

Венецияда су тасқынынан келген шығын есептелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 1 миллиард еуроға жетуі мүмкін. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлімдеді. Осыған байланысты шаһар басшысы Луиджи Бруньяро халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Айта кетейік, Венециядағы тасқыннан қаланың 70 проценті су астында қалды. Су деңгейі 187 см-ге дейін көтеріліп, рекордтық көрсеткішке жетті. Салдарынан көптеген мекеме жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Қазір қаланың құтын қашырған апатқа байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы