381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Харбинде 60 гектар жерге мұз қалашығы тұрғызылды

  • 147
  • UPD: 18:35, 06.01.2020
Харбинде 60 гектар жерге мұз қалашығы тұрғызылды

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Харбин қаласында мұз бен қар фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен отыз алтыншы рет ұйымдастырылған шара көздің жауын алар отшашу мен жарық шоуымен басталды. Биыл мұнда 60 гектар жерге керемет өнер туындылары бар мұз қалашығы тұрғызылды.

Айта кетейік, Харбин фестивалі мұзды мүсіндерге арналған әлемдегі ең ірі көрме саналады. Оған дайындық жұмыстары желтоқсан айында басталыпты. Қажетті материалды ұйымдастырушылар Сунгари өзенінің суынан алған.

Хабар 24 телеарнасы