375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда қауіпті вирус тағы 17 адамға жұқты

  • 468
  • UPD: 08:07, 20.01.2020
Қытайда қауіпті вирус тағы 17 адамға жұқты

Қытайдың Ухань қаласында желтоқсан айында шыққан белгісіз жаңа вирусқа тағы 17 адам шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індетті жұқтырғандардың 12-сі ер адам, қалғаны әйел. Үш науқас ауыр халде жатыр. Осылайша қауіпті індетке шалыққандардың саны 62-ге жетті. Аурудың алғашқы белгілері – безгек пен жөтел. Дәрігерлер вирус адамнан адамға жұғуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Бірақ оның қалай тарайтыны әлі беймәлім. Қазір дәрігерлер науқастармен байланыста болған тұрғындарды тексеріп жатыр. Жалпы өкпенің қабынуына ұқсайтын бұл вирус жайлы ақпар алғаш рет желтоқсан айында пайда болған. Аурудан 2 адам көз жұмған. Лондон колледжі ғалымдары қаупті вирусты жұқтырғандардың саны 1 мың 700-ден асады деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы