375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гватемаладан Мексикаға заңсыз өтпек болған мигранттар әскерилермен қақтығысты

  • 135
  • UPD: 07:39, 22.01.2020
Гватемаладан Мексикаға заңсыз өтпек болған мигранттар әскерилермен қақтығысты

Гватемаланың Мексикамен арадағы шекарасында қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда мигранттар көрші елдің аумағына көпір арқылы өтпек болған.

Алайда әскерилер тыйым салған. Сонда босқындар өзенге секіріп, Мексикаға су арқылы жетпек болыпты. Бірақ жолдарын күштік құрылым өкілдері бөгеген. Салдарынан мигранттар оларды таспен атқылаған. Ал, әскерилер көзден жас ағызатын газды қолданған. Босқындардың көбі Гондурас азаматтары. Олар Отанындағы зорлық-зомбылық пен кедейіліктен қажығандарын айтады. Сондықтан алдымен Гватемалаға, одан Мексика арқылы АҚШ-қа жетуді армандайтын көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы