376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп келеді

  • 275
  • UPD: 14:02, 31.01.2020
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп келеді

Германияда коронавирус жұқтырғандардың саны беске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бесінші науқас Штарнберг округіндегі Webasto компаниясының қызметкері болып шықты. Басқа науқастар да осы компанияда қызмет етеді. Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан Қытайға шекаралас елдер мен Африка құрлығындағы мемлекттерді аса сақ болуға шақырады.

Айта кетейік, қазір Германия билігі Ухань қаласынан 100-ге жуық отандасын елге қайтаруға ниетті. Ал, Италияның Рим қаласында коронавирус жұқтырған алғашқы екі науқас тіркелді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, олардың Жерорта теңізінде саяхатқа шыққан «Коста Смеральда» лайнерімен еш қатысы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы