447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иранға қарсы санкциясын тоқтатуы мүмкін

  • 200
  • UPD: 15:10, 05.02.2020

АҚШ жақын арада Иранға салған санкцияларын тоқтатуы мүмкін. Тіпті ел экономикасын жақсартуға да қол ұшын созады. Бірақ ол үшін Иран Вашингтонның талабын орындауы тиіс. Бұл туралы Сенат пен Конгрестің өкілдер палатасы алдында сөз сөйлеген АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, Иран ядролық қарудан бас тартып, терроризмді қолдауды тоқтатуы қажет. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Иран режимі ядролық қаруға қол жеткізу әрекетінен бас тартып, лаңкестік қолдауды тоқтатуы тиіс. Сөйтіп, өз халқының игілігі үшін жұмыс істей бастауы қажет. Қатаң санкция салдарынан Иран экономикасы бүгінде айтарлықтай әлсіреп қалды. Біз оны қысқа мерзім ішінде жақсартуға көмектесе аламыз. Бірақ бізден көмек сұрау үшін олар тым тәкаппар немесе ақылсыз болуы да мүмкін. Сондықтан олар қай жолды таңдарын алдағы уақытта көре жатармыз.

Хабар 24 телеарнасы