420,07 490,30 5.68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония мектептері уақытша жабылуы мүмкін

  • 442
  • UPD: 11:39, 25.02.2020
Жапония мектептері уақытша жабылуы мүмкін

Жапон билігі егер Жапонияда коронавирус одан әрі тарала беретін болса, оқу орындарындағы сабақтарды тоқтата тұруы мүмкін.

Бұл туралы Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология министрі Коичи Хагуда мәлімдеді.

Сонымен қатар Жапония үкіметі барлық министрліктер мен мемлекеттік органдарға қызметкерлерінің көпшілігінің үйде жұмыс істеуіне мүмкіндік беруін тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы