418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эстония Финляндиямен арадағы шекарасын аша бастады

  • 217
  • UPD: 16:12, 14.05.2020
Эстония Финляндиямен арадағы шекарасын аша бастады

Эстония мен Финляндия арасындағы шекара жартылай ашылды. Бұл туралы ERR хабарлады.

14 мамырдан бастап Таллин мен Хельсинки арасындағы жолаушылар тасымалы жартылай қалпына келтірілді. Кемемен жүруге тек жұмысқа байланысты немесе басқа да шұғыл себептермен сапар шегетін адамдар ғана рұқсат етіледі.

Таллинге келген жолаушыларға коронавирусқа тест тапсыру ұсынылуда.

Бұған дейін Балтық жағалауы елдері ішкі шекараларын 15 мамырда ашуға келіскен болатын.  

Соңғы мәліметтер бойынша Эстонияда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1751 адам тіркелді, 61 науқас қайтыс болды. Финляндияда 6054 адамнан коронавирус анықталды, қайтыс болғандар саны – 284.

Хабар 24 телеарнасы