405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Перу – Латын Америка елдері арасында коронавирустан ең көп зардап шеккен ел

  • 160
COVID-19: Перу – Латын Америка елдері арасында коронавирустан ең көп зардап шеккен ел

Перудің Лима қаласында халық жаппай коронавирустан тексеріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар үй-үйді аралап, ауру белгілері байқалған тұрғындарды жіті тексеруге кірісті. Қажет болса, дәрі-дәрмек те таратуда. Жуырда ел президенті Перуде 49 мың тест өткізілгенін хабарлаған еді. Енді ел карантин режимінен біртіндеп шыға бастаған соң мамандар тексерісін үдете түсті.

Айта кетейік, Перу Латын Америка елдері арасында коронавирустан ең көп зардап шеккен елдердің қатарында. Аймақта 170 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.

Паола Ламеда, жергілікті тұрғын:

– Мен пандемия кезінде сыртқа шығып, жұмыс істеуім керек. Менің шығындарымды кім төлейді? Амал жоқ, табыс табу керек. Сондықтан карантиннің тезірек аяқталғанын қалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы