429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кенияға шегірткелер қауіп төндіріп тұр

  • 349
Кенияға шегірткелер қауіп төндіріп тұр

Кенияның Туркана қаласында шегірткелер ошағы анықталды. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының мамандары бұл зиянкестерді қанаттанбай тұрғанда жою қажет деп отыр.

Олар ауыл шаруашылығына ауқымды зиян келтіруі мүмкін. Орта есеппен 150 миллионға жуық жәндік мыңдаған адамды тамақсыз қалдыра алады екен. Бұған дейін БҰҰ Африка құрлығындағы шегірткелермен күресуге 10 миллион доллар қаржы бөлген болатын.

Борис Поло, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының логисті:

- Егер қазір шегірткелерді бақылауға алмаса, олар Кенияның оңтүстігіндегі дақылды аймақтарды құртуы мүмкін. Салдарынан елдің ауыл шаруашылығы саласы ауқымды шығынға ұшырайды.

Хабар 24 телеарнасы