418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та шағын моторлы екі ұшақ соқтығысты

  • 155
  • UPD: 10:39, 06.07.2020
АҚШ-та шағын моторлы екі ұшақ соқтығысты iz.ru

АҚШ-тың Айдахо штатындағы Кер-д'Ален көлінің үстінде шағын моторлы ұшақтар соқтығысып, кемінде екі адам қаза тапты.

Бұл туралы Кутеней округі шерифінің Facebook парақшасындағы жазбасына сілтеме жасап, Известия басылымы хабарлайды.

Жазбаға сәйкес көлдің үстімен ұшып бара жатқан екі ұшақ соқтығысып, суға құлаған. Құтқарушылар құлаған ұшақтарды 38 метр тереңдіктен гидролокатордың көмегімен әрең тапқан.

Алдын ала ақпарат бойынша екі ұшақтың бортында экипаж мүшелерін қосқанда 8 адам болған. Алдын ала ақпарат бойынша екі адам қаза тапқан, олардың денелері табылып, тұлғалары анықталып жатыр.

Құтқарушылардың айтуынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы