423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания экономикасы соңғы 65 жылда болмаған құлдырауға ұшырады

  • 129
Ұлыбритания экономикасы соңғы 65 жылда болмаған құлдырауға ұшырады

Биылғы екінші тоқсанда Британия экономикасы соңғы 65 жылда болмаған құлдырауға ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында ұлттық статистика басқармасы хабарлап отыр. Елдің жалпы ішкі өнімі бірінші тоқсанмен салыстырғанда 20,4 процентке түсіп кетпек. Бұл – 1955 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан есептердің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Мамандар бұл рецессияны тек қана пандемиямен байланыстырады. Өткен аптада Англия банкі биыл елдің Жалпы ішкі өнімі 9,5 процентке төмендейтінін болжаған.

Хабар 24 телеарнасы