431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай вакцинасынан коронавируске қарсы иммунитет жарты айда қалыптасады

  • 269
  • UPD: 21:24, 18.08.2020

Адам ағзасына салынған қытайлық вакцинадан кейін COVID-19-ға тойтарыс беруге қажетті иммунитет жарты ай ішінде қалыптасады.

Бұл туралы Синофарм Қытай мемлекеттік корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы мәлімдеді.

Төрағаның айтуынша, бір уколдың вирустан қорғау кепілдігі 97 процентті құрайды. Антидене баяу түзіледі. Қалыпты жағдайда ол жарты ай ішінде пайда болады дейді директорлар төрағасы. Ал егер екпені екі рет салдырса, жаңа дәрі инфекциядан 100 процентке қорғайды екен. Компания басшылығының сөзінше, вакцина құны қымбат болмайды. Екі екпе шамамен 60 мың теңге төңірегінде болады.

Айта кетейік, бұған дейін директорлар кеңесінің төрағасы Біріккен Араб Әмірліктерінде коронавируске қарсы вакцинаның халықаралық сынақтардың үшінші кезеңінен өтіп жатқанын айтқан еді. Жоспар бойынша ол желтоқсан айының соңында нарыққа шығуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы