429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда су тасқынынан 90 адам қаза тапты

  • 220
Суданда су тасқынынан 90 адам қаза тапты

Суданда толассыз жаңбыр мен су тасқынынан 90 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан елдің оңтүстік аудандары көп зардап шекті. 18 мың үй қирап, 32 мыңы бүлінген. Ондаған мың тұрғын баспанасыз қалды. Елдегі егістік алқаптарының көбін су басып, экономикаға зор шығын келген. Суданда шілде айынан қазанға дейін жаңбырлы маусым. Алайда мамандар соңғы күндері жаңбыр әдеттен тыс көп жауғанын айтып отыр.

Ахмед Бастауи, Хартум қаласының тұрғыны:

– Мұндай жауынды бұрын соңды көрмеппін. Тек 1948 жылы осындай апат болғаны есімде. Жергілікті биліктің тұрғындарға құм толы қаптар таратқанынан еш қайран болмай тұр. Нілден тасыған су бөгеттерді бұзып, үйлерді басып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы