420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда көзге зиян келтірмейтін экран жасап шығарылды

  • 110
  • UPD: 11:12, 07.09.2020
Қытайда көзге зиян келтірмейтін экран жасап шығарылды

Қытайлық мамандар көзге зиян келтірмейтін экран жасап шығарды.

Олар жаңа дисплейді электронды кітаптар мен планшеттер шығаруға пайдалануды жоспарлап отыр.

Жаңа технологияны TCL компаниясы Берлинде өткен IFA 2020 көрмесінде ұсынды. Мамандардың айтуынша, оларға қолданушылардың көру қабілетін төмендетпейтін экран жасап шығару маңызды болған.

NXTPAPER қазірдің өзінде көзді қорғау технологиясы бойынша 11 патент және Рейндегі неміс зертханасынан, Швейцарияның SGS зертханасынан және VDE қауымдастығынан тиісті сертификаттар алды.

«Біздің жоба, әсіресе, қазіргі уақытта өте маңызды. Өйткені көптеген адамдар үйде жұмыс істеп, экран алдында көп уақыт өткізуде. Біз олардың көру қабілеттерін сақтауға көмектесетін құрылғылар жасауымыз керек деп шештік», - деді TCL бас менеджері Джефферсон Ли.

Зерттеу екі жыл бойы жүргізілген. Жаңа технология болашақта сұйық кристалды дисплейлердің де орнын басуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы