426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнеткер бес сағатта 10 келі салмақ тастады

  • 104
  • UPD: 17:03, 15.09.2020
Зейнеткер бес сағатта 10 келі салмақ тастады Instagram/minsportrd_

Дағыстандық зейнеткер санаулы сағаттың ішінде-ақ артық салмақтан оп-оңай арылуға болатынын дәлелдеді.  

Дағыстанның Махачкала қаласының тұрғыны Багама Айгубов арықтаудан рекорд орнатты. Зейнеткер бес сағатта 9,3 келі салмақ тастаған.

66 жастағы Айгубов бес сағат бойы стадионды айналып жүгірген. Бірақ жүгірер алдында салмағын өлшегенде, таразы басы 88 келіні көрсеткен.

«Спортшылардың көпшілігі екі-үш келі тастай алмай жатады. Ал мен оның мүмкін екенін дәлелдеймін», – деген зейнеткерді толассыз жауған жаңбыр да райынан қайтара алған жоқ. Тіпті сол жерде кезекшілік жасаған дәрігерлердің көмегі де қажет болмады.

Осы уақыт аралығында ол 9,3 келі салмақ тастады. Сөйтіп оған Ресейдің Гиннестің рекордтар кітабының сертификаты табысталды.

Айгубов тіс дәрігері болып жұмыс істеген. Одан бөлек жекпе-жек түрлерінен Ресей, Еуропа және әлем чемпионаттарының жеңімпазы әрі жүлдегері.

Хабар 24 телеарнасы