427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Samba de Janeiro. Бразилиядағы карнавал өтетін мерзім шегерілді

  • 109
  • UPD: 15:19, 25.09.2020
Samba de Janeiro. Бразилиядағы карнавал өтетін мерзім шегерілді

Бразилияда әлемге әйгілі карнавал ақпан айында өтпейтін болды. Бұған жер жаһанды жайлаған коронавирус пандемиясы себеп болды.

Бұл Рио-де-Жанейродағы самба мектебі тәуелсіз лигасының шешімі. Ұйым өкілдерінің хабарлауынша, осы жолы дәстүрге айналған шараға қажетті қаражат жеткіліксіз. Ұйымдастырушылар карнавал вакцина шыққаннан кейінгі уақытқа шегерілуі мүмкін екенін айтады.

Естеріңізге салайық, соңғы рет бұл карнавал 2017 жылы қаржы рецессияның салдарынан да өтпеген болатын. 

Ұлыбританияда коронавируске шалдыққандардың саны күн санап артып барады. Соңғы тәулікте вирус 6600-ден астам адамда анықталды. Бұл пандемия басталғалы рекордтық көрсеткіш.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, індет өршіп тұрған елді мекендерде ең қажетті тауар түрлерін саудалауға шектеу енгізілді. Мәселен, қазір кей өңірлерде  зарарсыздандыру сұйықтықтар мен дәретхана қағазына сұраныс артқан.

Хабар 24 телеарнасы