423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилия Қытай вакцинасын сатып алудан айнып қалды

  • 178
  • UPD: 12:29, 22.10.2020
Бразилия Қытай вакцинасын сатып алудан айнып қалды

Бразилия президенті Жаир Болсонару Қытайдан 46 млн доза вакцина алу туралы келісімнен бас тартты.

«Бразилия ешкімнің сынақ өткізу алаңы болмауы тиіс. Сол себепті бұл вакцинаны алмау туралы шештік», — деді президент.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бразилияның денсаулық сақтау министрлігі Қытайдың SinoVac Biotech компаниясынан вакцина алу туралы келіссөз жасасуды көздеген еді. Жалпы қытайлар вакцинаны сынаудың үшінші кезеңін Бразилияда өткізбек болған екен.

Болсонару болса, осыдан бұрын Британиямен келісіліп қойған Оксфорд вакцинасын сатып алуды жөн көрді.

Хабар 24 телеарнасы