425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Tesla акциялары бір сағатта 40 млрд долларға қымбаттады

  • 74
  • UPD: 15:34, 17.11.2020
Tesla акциялары бір сағатта 40 млрд долларға қымбаттады

Илон Масктың америкалық Tesla автомобиль компаниясы бір айдан кейін S&P 500 индексіне кіреді.

Оның құрамына 500 ірі америкалық компания енген, деп хабарлады Electrek порталы.

Tesla тізімге 21 желтоқсандағы сауда-саттық алдында қосылмақ. Әзірге Tesla-ның кімнің орнын басатыны белгісіз.

Осы ақпарат пайда болғаннан кейін бір сағатта Tesla акцияларының құны 12%-ке немесе 40 млрд долларға өсті.

Хабар 24 телеарнасы