419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде індеттен күйзелгендер жылқы терапиясымен емделіп жүр

  • 209
  • UPD: 15:24, 13.12.2020
Ресейде індеттен күйзелгендер жылқы терапиясымен емделіп жүр

Коронавирус қыспаққа алғалы бері адамдардың күйзеліске түсіп қалатын кездері жиіледі. Қазір бүкіл әлемде медицина қызметкерлерінің жұмысы қауырт екені де түсінікті. Ауруханада коронавирус жұқтырған науқастар әлі де көп. Үйде емделіп жатқандар да жетерлік.

Көбіне дәрігерлер көмектессе, кей сәттерде еріктілер де  жәрдемдесіп жүр. Олар өз жұмыстарының қиын екенін айтып, жүйке тозып, қатты шаршадық дейді. Осы ретте Ресейде жылқы терапиясы бағдарламасы іске қосылды. Ол ковид-науқастарға күтім көрсеткен медициналық қызметкерлер мен волонтерлерге арналған. Бағдарламаға сай атқа міну тегін. Әзірше 100-ге жуық адам ниет білдірген. Атпен серуендегендер жылқы терапиясының күйзелістен арылуға көп көмегі тигенін айтады.   

Ольга Кривозубова, психолог:

- Бағдарламаға қатысып жатқан волонтерлер коронавирус жұқтырған қарт кісілерге және өзін өзі оқшаулауға мәжбүр болған тұрғындарға көмек көрсеткен. Әрине бұл адамның эмоционалдық жағдайына әсер етпей қоймайды. Сондықтан волонтерлер мен медициналық қызметкерлерге арнап осындай бағдарламаны қолға алдық. Жылқы терапиясынан кейін қатысушыларымыз көңіл-күйінің жақсарғанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы