Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны күн өткен сайын көбейіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бір тәуліктің өзінде елде 50 мыңнан астам адамнан қауіпті вирус анықталған. Бірақ соған қарамастан, Рио-де-Жанейро жұрты жаппай жағажайда жүр.
Айта кетейік, бүгінде Бразилия вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші тұр. Індет басталғалы бері мұнда 7 миллион 200 мыңдай адам коронавирустық инфекция жұқтырған.