Коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін Сидней қаласының солтүстік шетіндегі жағажайлар үш күнге жабылды.
Соңғы бір тәулікте Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында коронавирусты жұқтырудың 9 дерегі тіркелді. Оның сегізі бұл дертті жағажайда жұқтырған көрінеді. Осы ретте билік Рождество мерекесі қарсаңында тұрғындарды дүкендерге бармауға және масқа тағу мен әлеуметтік арақашықтық ережелерін сақтауға шақырып отыр.