Түркия билігі елге кіру ережелерін күшейтетін болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді.
28 желтоқсаннан бастап Түркияға келетін жолаушыларда мерзімі үш тәуліктен аспаған ПТР-тест қорытындысы болуы тиіс.
Ал вирустың жаңа штамы анықталған Ұлыбритания, Дания және Оңтүстік Африка Республикасында соңғы 10 күнде барған адамдар жеті күндік карантинге орналастырылады.
30 желтоқсаннан бастап бұл ережелер құрлықпен қатынайтын көліктің өзге түрлеріне де қолданылады. Жаңа сақтық шаралары қыстың соңына дейін күшінде болады.