Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы 15 жылда еліміздегі 1,5 миллион адам жеке баспанаға ие болады

  • 1021
  • UPD: 17:28, 26.09.2017

 

Соның 500 мыңнан астамы таяу бес жылда пәтер кілтін алады.

Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша іске асады. Тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған кешенді жоба әлеуметтік жағдайы төмен халықты баспанаман қамтуды көздейді.

Алмас Қайыпқожин – Астанада пәтер іздеп табанын тоздырған көптің бірі. Өскеменнен көшіп келген ол досынан «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден тиімді несие алуға болатынын естиді. Бірнеше қаржы мекемесін аралап, көңілі тоқтаған банктің талап-ұсыныстарымен мұқият танысып шығады. Сосын сатып алатын пәтерін де табады.

Алмас Қайыпқожин, Астана қаласының тұрғыны:

- «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында банктен баспанаға несие алу тиімді деп ойлаймын. Себебі жылына 10 пайыздық үстемемен төлеу өте ыңғайлы екен. Сондықтан үш күннің ішінде қажетті құжаттарды өткізіп, пәтерге қажет қаржының 75%-ын алдым. Ал 35%-ын бірден банкке төледім. Енді 10 жыл бойы ай сайын 102 мыңнан қайтарып отырамын. Он жылдан кейін бұл сома өседі. Оған жеткізбей, үйдің толық құнын төлеп тастау ойымда бар.

Банктердің 17 пайыздық үстемақысын 10%-ға төмендету үшін мемлекет сыйақы құнының 7%-ын он жыл бойы жауып отырады. Мысалы биыл банктердің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеуге республикалық бюджеттен 11 млрд теңге бөлу қарастырылған.

Бақытжан Қашақов, ҚР ИДМ құрылыс және ТҮКШ істері комитеті төрағасының орынбасары:

- Жылдың аяғына дейін бүкіл қаражат көзінен 99 мың үй, ішінде жеке тұрғын үй және көпқабатты үйлер бар. Жалпы 10,1 млон шаршы метр.

Қазір еліміздегі «ЦентрКредит», «Сбербанк», «ВТБ» және «АТФБанк» «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 10 пайыздық несиені бере алады. Жыл соңына дейін тағы 6 банк осы бағдарламамен жұмыс істеуге көшеді. Бүгінге дейін Қазақстан ипотекалық компаниясы республика бойынша 4 млрд теңгенің өтінішін қабылдаған.

Руслан Кәкім, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» басқарма төрағасының орынбасары:

- Бағдарлама аясында 120 млрд теңге банктерден бөлінеді. Яғни 8 мың адамға ипотека беруді жоспарлап отырмыз. Біздің жұмысымыз енді басталды. Жылдың соңына қарай банктер белсенділік танытады деген үміттеміз.

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2021 жылға дейін 1,5 трлн теңгенің қаражатын жұмсау жоспарда бар. Сол арқылы еліміздегі тұрғын үй қорын 18%-ға, ал халықтың баспанамен қамтылуын екі есеге арттыруға мүмкіндік ашылады.

Авторлары: Жандос Битабаров, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы