Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда ұлттық спорттан студенттер лигасы құрылды

  • 780
  • UPD: 17:45, 06.11.2017

Еліміздегі студенттер спортында жаңа жобалар қолға алынды.

Федерацияның кезектен тыс отырысында атқару комитетінің мүшелері қауымдастық президенті Қайрат Закерьяновты 5 жылға қайта сайлады. Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың Алматыда өтуіне ұйытқы болған федерация басшысы алдағы уақытта да үлкен жұмыстардың күтіп тұрғанын айтты.

Қазіргі таңда спорттың бірнеше түрінен студенттер лигасы өтеді. Енді Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлерінен де студенттер лигасы құрылады.

Өткен аптада Алматыда көкпар спортынан жоғарғы оқу орындарының арасында алғашқы жарыс басталды.

Жаснұр Ақеділов, ҚР Студенттер спорты федерациясының бас хатшысы:

- Бұрын болмаған Қазақстанда студентттер лигалары құрылып жатыр. Еуропалық әлемдік тәжірибеде болған жұмыстар. Сондықтан қазір көптеген спорт түрінен лигалар құрып жатырмыз. Ол лигалардың бастамасы жұмыс жасап, оның алды көптеген жетістікке жетіп жатыр. Лига чемпиондарының студенттер арасындағы әлем біріншіліктеріне қатысуға тікелей құқығы бар.

Хабар 24 телеарнасы