378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» телеарнасы көрермендеріне мерекелік тарту жасайды

  • 152
  • UPD: 23:32, 08.05.2019

Отты жылдардың отты әндері.

«Хабар» телеарнасы осы аптадағы өзінің эфирлік кестесін Ұлы Жеңіс күніне арнап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Мерекелік демалыстарда көрермендер Ұлы Отан соғысы туралы көркем фильмдер мен бейбіт күнді жақындатқан батыр бабаларымыз жайлы түсірілген деректі фильмдерді көріп, майдан әндерін тыңдай алады.

Қазақтың қайсар мінез батыры – Бауыржан Момышұлы. Отты жылдары кескілескен ұрыстарда ұтымды әдіс қолданып, бірнеше рет қоршауды бұзып шыққан. Батыр баба басқарған батальон Мәскеу түбіндегі шайқаста та ерлік көрсетті. «Хабар» арнасының арнайы тапсырысымен түсірілген «Бауыржан Момышұлы» сериалында Кеңес Одағы батырының батыл әрекеттері баяндалған. Бұдан өзге ел басына күн туғанда, жауға шапқан батырлар жайлы әзірленген материалдарда арнамыздан мереке күндері көрсетілмек.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- Басты эфирлік сеткадағы жоспар Жеңіс күніне арналған. Бірнеше деректі фильмдер циклі әзірленген. Соның бірі майдан үшін, жеңісті жақындатқан, біздің Қазақстаннан шыққан майдангерлер туралы, оның ішінде аталарымыз, апаларымыз бар.

Бұдан өзге «Хабар» арнасының ұжымы «Өмір жолы» атты деректі фильмдер циклін әзірлеген. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың, атақты партизан Қасым Қайсеновтің, жазушы Әзілхан Нұршайықовтың өмір жолы туралы туындылар жарыққа шығады. Тағы Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған концерттер де көрсетіледі.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- «Ерлікке тағзым» деген Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен осы соғыс әндері, патриоттық әндер шырқалатын концерт бар. «Отан деп соққан жүрегім» деп аталатын концерт бар. Мұнда да танымал жұлдыздар Жеңіс күніне арналған әндерді шырқайды. Тағы Кенжебек Жанәбіловтің «Тәуелсіздік – тірегім» атты шығармашылық кеші «Хабар» арнасының эфирінде көрсетіледі.

Концерттер мен деректі фильмдерден бөлек «Хабар» арнасы соғыс жылдары туралы, атақты 28 панфиловшы жайлы көркем фильмдерді де мереке күндері көрсететін болады.

Авторлары: Риат Шони, Дәурен Жұрхабаев

Хабар 24 телеарнасы