378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық музейде «Музейлер түні» акциясы өтеді

  • 290
  • UPD: 11:07, 13.05.2019
Ұлттық музейде «Музейлер түні» акциясы өтеді elorda.info

ҚР Ұлттық музейінде 18 мамырда сағат 18:00-24:00 аралығында «Музейлер түні» акциясы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияға келген астаналықтар мен қала қонақтары Ұлттық музейге тегін кіріп, түрлі шараларды тамашалай алады.

«Музейлер түні» акциясы ҚР Ұлттық музейінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған шара осыған дейін 5 мәрте ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты - ұлттық құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін заманауи форматта танытып, мұражай қызметін, ондағы экспонаттар мен жауһар жәдігерлерді кеңінен насихаттау.

Мұражай қонақтары Ұлттық музейдің 5 жылдығына орай музей қорынан жаңа экспонаттарды, этнография залы мен жаңа ашылған «Асыл мұра» залдарын тамашалай алады.

«Асыл мұра» залы көрнекті қоғам және саясат қайраткерлерінің, Ұлы Отан соғысы батырлары мен ардагерлерінің ұрпақтары және жеке коллекциянерлер музейге тарихи және мәдени құндылығы бар заттармен, түрлі құнды жәдігерлермен толыққан.

«Музейлер түні» акциясы барысында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай «Жүз жылдық жылнама» көрмесі салтанатты түрде ашылады.

Сонымен қатар шара бағдарламасында ақын Дәулеткерей Кәпұлының бастамасымен «Ақшамдағы ақындар жыры» атты шығармашылық кеш, өнертанушы, суретші Е.Чернованың «Қазақстанның қолданбалы сәндік өнері: Кеше және бүгін» атты шеберлік дәрісі, «Құсни қорлан» көрінісі, мүсінші Айдос Есмағанбетпен маскалар шоуы, арт пазл құрастыру, қолөнер жұмыстары бойынша шеберлік сабақтар, «Тарих сыры», «Музей білгірі» викториналық сұрақтар, кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тоғызқұмалақ, Асық ату, т.б. қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады.

 

Хабар 24 телеарнасы