389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық дизайнерлер Германиядағы сән апталығына қатысты

  • 500
  • UPD: 14:53, 03.07.2019

Берлин сән апталығы аясында өтіп жатқан Fashion Hall байқауына екі қазақстандық дизайнер қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқылардың бірі болып Аспара бренді киімін киген модельдер сахнаға шыққан. Оны жасаған Айдархан Қалиев үнемі еуропалық байқауларға қатысады. Неофольклор стилінде жұмыс істейтін белгілі дизайнер бұл жолы 2020 жылдың көктем мен жаз маусымына арналған киім топтамасын әкелген. Әйел болмысына ерекше нәзіктік беретін киім үлгілері көптің көңілінен шыққан сыңайлы. Әлия Сағди қолынан шыққан «Қазақ Шанелі» атты киім топтамасын да сәнқойлар жылы қабылдады.

Айдархан Қалиев, дизайнер:

– Берлин – еуропалық астана, сол себептен сән саласындағы бүкіл тіршілік осында өтеді. Біз, азиялық дизайнерлер үшін бұл үлкен тәжірибе алмасу, жаңа достар табу болып отыр. Менің стилім  неофольклор деп аталады. Оны заманауи сән берілген ұлттық киім деп сипаттаймын. Еуропа тұрғындарына бұл стиль өте ұнайды. Милан, Ыстамбұл, Амстердамда ұнайтынын нақты білемін. 

Әлия Сағди, дизайнер:

– Ұлттық киім – қазақ халқы мәдениетінің орасан зор бір бөлігі. Еуропаға осының азғантай көрінісін танытсақ, жақсы болар еді. Біз киім топтамамызда ұлттық нақышты көп қолдандық. Бас киімге келетін болсақ, бұлар – дәстүрлі тақиямыз, заманауи сәнделген малақайлар. Сахнаға шыққанда да қазақ әуендерін, қобыз пен домбыраны пайдаландық.

Хабар 24 телеарнасы