387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украиналық суретші әйел Қ.Қайсеновтің портретін бейнеледі

  • 176
  • UPD: 15:22, 21.08.2019

Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновті Украинаның танымал суретшісі Наталья Мкртчян бейнеледі.

Батырдың портреті суретшінің Киевте ұйымдастырылған жеке көрмесіне қойылып, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Онда қазақтың салт- дәстүрінен сыр шертетін өзге де суреттер қойылды. Аида Қыдырбай сөз алады.

«Бүркіт салу», «Домбыра мен сұлу қыз», «Қазақ батырлары», «Қыз қу», «Ер Тарғын». Енді міне суретші Наталья Мкртчянның жеке қоржынына Қазақстанның Халық қаһарманы, аты аңызға айналған батыр ұлы Қасым Қайсеновтің суреті қосылды. Қазақ қана емес Украина тарихынан да орын алатын даңқты батырды бейнелеу оңай болған жоқ дейді суретші. Дегенмен көз ізденістің арқасында қолға алған іс сәтті аяқталыпты. 

Наталья Мкртчян, суретші:

- Соғыстың зардабын көрген адамның көзінде мұң мен шер тұнып тұрады. Оны бейнелеу оңай емес, әрине. Батырдың жас кезіндегі суреттер жоқтың қасы. Сондықтан көп ізденуге тура келді. Қартайғанда емес жас әрі қуатты кезіндегі суретін салғым келді. 

Украина суретшісі Наталья Мкртчян - батырдың тұлғасы және қазақтың бай табиғаты мен салт-дәстүрінен бөлек бас қаланың айшықты ғимараттарын да бейнелепті. Ол Қазақстанға қатысты сурет салуды жалғастыра берем дейді.

Николай Дроботенко, көрермен:

- Бұл тарих. Біз бүгін автордың жұмысы арқылы Қазақстанның өткен тарихы мен бүгінгі болмысын тани алдық. Қазақстанның сәулетінен сыр шерткен суреттерді тамашаладық. Автордың еңбегі арқылы қазақ мәдениетінің сұлулығына тәнті болдық. 

Суретшінің Киевте ұйымдастырылған жеке көрмесі «Қазақстан мен Украина бірге» деп аталады. Қос халықтың тарихы ортақ. «Сондықтан бұл көрме екі елдің арасындағы сыйластықты арттыра түседі» дейді суретіші Наталья Мкртчян. 

Авторлары: Аида Қыдырбай, Александр Кошарный

Хабар 24 телеарнасы