412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық аудармашы Таяу Шығыс халқына еліміздің әдебиетін танытып жүр

  • 646
  • UPD: 10:10, 03.02.2020

10 жылдан бері ирандықтарды Абай Құнанбаевтың шығармаларымен отандасымыз Гаухар Омарханова таныстырып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәржімашы қыз ақынның кітаптарын жинап қана қоймай оларды орыс, ағылшын және парсы тілдеріне аударумен айналысады. Қазақстандықтың кітапханасында ұлы ойшылдың ондаған туындысы бар. Ол ай сайын кітап көрмелері мен жәрмеңкелерін ұйымдастырып, Таяу Шығыс халқына еліміздің әдебиеті мен мәдениетін танытып жүр.

Хакім Абайды ирандықтар да әлдеқашан мойындаған. Гаухар Омарханованың айтуынша, аудармада ең қиыны – классиктің шығармаларының мағынасы ғана емес, әдеби орамдарын да өзгеріссіз жеткізу. Ирандық жастар Абай Құнанбаевтың шығармаларын  Гаухар сияқты қандастарымыздың арқасында танып, біліп келеді.

Гаухар Омарханова, аудармашы:

Біз елімізді ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы таныстырып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Маған оның өлеңдері мен қара сөздері қатты ұнайды. Сондықтан Иранда әр тілде жарық көрген ақынның барлық шығармаларын жинап келемін.

Гаухардың талпынысының арқасында Тегерандағы кітап жәрмеңкелерінің көбі Абай шығармаларынсыз өтпейді. Жергілікті медиахолдингтің бірінде жұмыс істейтін жас қыз ирандықтарды еліміздің мәдениетімен телеарна мен радио арқылы да таныстырып тұрады.

Гаухар Омарханова, аудармашы:

- Кітапханамда парсы тіліне аударылған Абай жолы мен қазақ тіліндегі нұсқасы бар. Бұдан бөлек, ақынның парсы тілімен ағылшын тіліне аударылған өлеңдері бар.

10 жыл ішінде Гаухар қаншама ирандықтың Абай туындыларына деген махаббатын оятқанын санап жеткізу мүмкін емес. Олардың қатары жүздеп саналатын шығар. «Себебі, ұлы ақынның өлеңдері әр адамның жүрегіне тез жол тауып, баурап алады», - дейді аудармашы қыз.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы