423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Абай» атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер анықталды

  • 179
  • UPD: 18:46, 21.10.2020
«Абай» атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер анықталды

«Абай» атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев төрағалық етті. Онда әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері бойынша 11 жұмыс қаралды. Комиссия мүшелері 2020 жылғы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаттығына үміткерлерді анықтады. Жасырын дауыс беру арқылы іріктелген жұмыстар енді Президент қарауына ұсынылады. Дәстүр бойынша жеңімпаздарды марапаттау Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы