384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы диқандары күзгі жиын-терім жұмыстарын бастап кетті

  • 958
  • UPD: 17:31, 03.09.2017

Алматы облысында жекеменшік-мемлекеттік әріптестік бағдарламасымен 26 жоба іске асырылады.

Олар негізінен балабақша, медициналық клиникалар және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары. Сондай-ақ аймақтың аграрлық бағыты бойынша да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы негізінде сервистік және сатып алу орталықтарының желісін дамытуға мүмкіндік туып отыр.

Қаратал ауданындағы күріш өсіретін ірі шаруашылықта күзгі егін ору науқанына дайындық басталып кетті. Астық егетін шаруашалар ұзақ жылдар бойы жер өңдеу жұмыстарын ескі техникалармен атқарып келген болатын. Оның өнім көлеміне де айтарлықтай әсері бар еді. Өткен жылы техникалық парк жаңа трактор, комбайндармен толықты. Диқандар мұндай мүмкіндікке мемлекеттік –жекеменшік әріптестік жобасы аясында қол жеткізді.

Викентий Хан, кәсіпорынның атқарушы директоры:

Біз 11 техника бірлігін алып отырмыз. Мемлекет тарапынан шаруаларға зор қолдау бар. Жаңа техниканы «Жетісу» әлеуметтік өндірістік кооперативі арқылы төмен пайызбен алдық. Озық үлгідегі техниканың көмегімен жер өңдеп, көктемгі егіс науқанын дер кезінде аяқтадық. Жоғары өнімділікке қол жеткіздік.

Жолбарыс Батыр ауылдық округінде орналасқан шаруа қожалықтары күзгі жиын-терім жұмыстарын бастап кетті. Шаруаларға жаңа техниканың көмегі тиіп жатыр. Бұл жерде сервистік-дайындау орталықтары да орналасқан. Енді аз уақытта қант қызылшасын теруге кіріседі.

Ғалым Уәлиев, Қаратал ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

Біздің ауданда 3 сервистік дайындау орталығы ашылған. Оның бәрі қазір ауданға көп көмегі тиіп жатыр. Қант қызылшасын еккеннен жинап тергенге дейін сол техниканың арқасында сол аудан, ауылдағы ауыл шаруашылық жұмыстары жүріп жатыр.

Өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында облыста 7 сервистік дайындау орталықтары ашылды. Сонымен қатар жекеменшік балабақшалар желісі артып отыр. Медициналық клиникалар да осындай әріптестік негізінде ашылды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Гүлнар Жантасова, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы