386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анджей Адамчик: Қазақстанда инвесторлар үшін жақсы ұсыныстар бар

  • 421
  • UPD: 19:00, 22.12.2017

Еуропалық саясаткерлер тарапынан Қазақстанды EXPO 2017 көрмесін сәтті өткізуімен құттықтау әлі де толастар емес.

Польшаның құрылыс және инфрақұрылым министрі Анджей Адамчиктің пікірінше, Астанада өткен халықаралық көрме екіжақты серіктестікті нығайтуға септігін тигізді. Министр арнамызға берген сұхбатында алған әсерлерімен бөлісті.

Анджей Адамчик, Польшаның құрылыс және инфрақұрылым министрі:

- Мен Қазақстаннан, әсіресе Астанадан тамаша әсер алдым. Елорда заманауи мегаполиске айналып үлгерген. Өзгеріс соңғы 20 жылда орын алғанын ескерсек, бұл тамаша көрсеткіш. ЭКСПО көрмесін ерекше айтып өткім келеді. Бұл сіздер сәтті өткізген инновациялық жоба. Мен біздің Президентіміздің Қазақстанға жасаған іссапарында делегация құрамында болдым. Бизнес форум аясында Анджей Дуда мен Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында тығыз экономикалық байланыстың керектігін айтып, қай салаларда серіктестікті нығайту керектігін жеткізген еді. Сондай-ақ Қазақстанда инвесторлар үшін жақсы ұсыныстар бар және ол тиімді түрде жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы