365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бас прокурор: Қазақстанда 5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін

  • 421
  • UPD: 13:33, 10.07.2018

Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алқа отырысы барысында Бас прокурор ведомствоның қылмыстық саясатты гуманизациялауға бағытталған заң жобасын жасағанын мәлімдеді. «Қоғамдық жұмыстар, 260 қылмыс құрамы бойынша бостандықты шектеу енгізіліп жатыр. Айыппұл сомасы төмендеп, 36 құрам бойынша бостандықтан айыру мерзімі азайып жатыр, ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тартудың ескіру мерзімі 5 жылға қысқарды. Бұл сотталған бес мың адамды босатуға жол береді. Заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Заңдылықты нығайту бойынша жұмыс жалғасады», – деді Қожамжаров. Бас прокурор ұсталғандар мен қамауға алынғандардың азайып жатқаны бақыланып отырғанын хабарлады.

Осы категория бойынша: « Атырау облысында кәсіпкерлер аквапарк ашты «Хабар» Агенттігі Макаоның мемлекеттік телевидениесімен серіктестік орнатты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы