374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда төтенше жағдай салдарын жою уақытын қысқарту мәселесі қаралды

  • 165
  • UPD: 21:27, 12.09.2018
Алматыда төтенше жағдай салдарын жою уақытын қысқарту мәселесі қаралды

Осындай төтенше жағдай салдарын қалай тез жоюға болады? Адам шығыны болмас үшін құтқару қызметінің жұмысын қалай ұйымдастыру керек?

Бұл мәселе Алматыда өткен Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы үйлестірушілерінің 11 отырысында талқыланды. Жиынға қатысушылар құтқару бөлімшелерін техникалық қамтамасыз ету үшін бірыңғай платформа керек деген ортақ пікірге тоқтады. Техникалық база ғана емес, кадрлар дайындау мәселесі де айтылды. Соңында жиынға қатысушылар ұйым аясында төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша, бірыңғай орган құру туралы келісімге келді.

Валерий Семериков,  ҰҚКҰ Бас хатшысының орынбасары:

- Төтенше жағдайлар бойынша үйлестіруші кеңестің қатысуымен, міндеттерді орындау туралы өкілетті органдар, тиісті министрліктер мен ведомство арасында жиындар, жаттығулар өткіземіз. 2019 жылдың бірінші жартысында жоспарды жүзеге асырмақпыз. Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушілер кеңесінің келесі отырысында нақты шешімдер шығарамыз.

Осы категория бойынша: « Ақмолалық балақай іші адамға толы көлікті сүйреді Аягөз-Қарауыл-Қайнар жолының күрделі жөндеу көрмегеніне ширек ғасырдан асты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы