366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұстаздар мәртебесі мәселесін халық жаппай талқылауға кірісті

  • 114
  • UPD: 11:03, 06.10.2018

Соның ішінде жылына мың жарымдай педагог кадр даярлайтын Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары бар.

Сондай-ақ олар отандық жоғары оқу орындары бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлауға күш салынатынын айтады. Бұл ретте шетелдің үздік оқу орындарымен әртіптестік байланыс орната отырып, жаңашыл бағдарламалар қабылдаудың маңызы арта түспек.

Қажымұрат Ахмеденов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры:  

- Ұстаздардың өзіне сәйкес емес жұмыстарды атқарудан босатады, олардың кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді және мектептегі білім сапасын нығайтып, жаңа импульс береді деп есептейміз.

Рита Сұлтанғалиева, мемлекеттік ғылыми стипендия иегері: 

- Елбасы әр жолдауында, әр мемлекеттік бағдарламасында, әр мақаласы мен үндеулерінде баса айтылып келе жатқан – осы интеллектуалдық ұрпақ мәселесі. Интеллектуалды ұрпақ мәселесін айтқа кезде әр жағында интеллектуалды ұлтты тәрбиелеу бағыты тұратыны белгілі. Сондықтан осы интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда, интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеуде педагогтардың маңызды рөл атқаратыны белгілі бүгінгі қоғамда.

Хабар 24 телеарнасы