386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Мұнайлы ауданындағы өндірістік базада болды

  • 557
  • UPD: 22:43, 24.10.2018

Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары Мұнайлы ауданындағы өндірістік базада болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек ұжымымен кездесіп, Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді түсіндірді. Қолжетімді баспана алу, еңбек өнімділігі мен тауар экспортын арттыруға қатысты сауалдарға жауап берді. Аталған өндірістік база инвестор қаржысына салынған. Шығаратын құрал-жабдығы Қазақстанда және шет мемлекеттерде мұнай өндіру саласында қолданылады. Биыл жаңа цех ашылған, мұнда жылына 1 мың дана сорғы қондырғы бөлшектері дайындалады.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Елбасы өзінің Жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп атап өтуді ұйғарды. Мына компанияда жұмыс жасайтын 250-ден астам қызметкерлердің ішінде 60 пайыздан астамы жастар екен. Олар және жоғары санаттағы мамандар екен. Бұл өте қуанарлық жағдай.

Хабар 24 телеарнасы