385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупі артты

  • 554
  • UPD: 09:41, 30.11.2018

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүру қаупі жоғарылады. Сондықтан мамандар қарды жасанды жолмен түсіру жұмыстарын бастап кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өңірде көшкін болуы мүмкін 300 нүкте бар. Қазір әсіресе тау арасындағы жол бойында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Селден қорғау мекемесінің мамандары қатер мол аумақтарды жіті қадағалап, тұрғындарға аса сақ болуды ескертеді. Айтуларынша, көшкін жүру қаупі наурыз айына дейін жалғасады. Соңғы бірнеше күнде 8 рет жарылыс жасалып, 15 мың текше метр қар түсірілді.

Алексей Штыкель, облыстық ТЖД бөлім басшысы:

- Облыстық маңызы бар Өскемен-Самар және республикалық маңыздағы Өскемен-Зырян бағытында қар түсіру жұмыстары жүргізілді. Алда мереке күндері жақындап келеді, сондықтан Таулы Үлбі сынды тау шаңғысы кешендеріне апаратын жолдарда сақтық жасап, көшкіннің алдын алдық.

Хабар 24 телеарнасы