Қазір облыстағы жылуға жауапты мамандар осы ауданда жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаланың тең жартысын жылумен қамтып тұрған қазандықтағы судың темпратурасы 50-55 градус шамасында. Әлеуметтік маңызы бар мекемелер мүлде жылусыз қалған жоқ. Ал істен шыққан құрылғыны ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асхат Бұхатов.
Асхат Бұхатов, облыстық ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:
- Болашақта бұл қазандықты мемлекет меншігіне алу мәселесі қарастырылатын болады. Қазір істен шыққан құрылғыны 2-3 күнде орнына қойып 2-3 күнде қосу жоспарланған. Және де облыс әкімінің орынбасары сол қалаға іс-сапарға шықты. Сұрақ толық бақылауда.