417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенаттың жалпы отырысында көші-қон мәселесі қызу талқыланып жатыр

  • 933
  • UPD: 13:34, 17.01.2019

Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Тәжікстан үкіметі арасындағы көші-қон жайы қызу талқыланып жатыр. Үш бірдей заң жобасы осы мәселеге арналады.

- Заңнамаға қандай өзгерістер енгізілмек?

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

- Заң жобасы екі ел үшін де маңызды. Қазақстан мен Тәжікстан үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған құжат жаңа ғана бекіді. Бірақ Сенаторлар бұл заң жобасын Тәжікстан былтыр қабылдағанын айта келе, біздің елде оның қарау мерзімі 6 айға созылғанын тілге тиек етті. Бірақ құжатты таныстырған министр Қалмұханбет Қасымов, мұнын себебі Мәжілісте ұзақ қаралуымен түсіндірді. Жоба екі елдің өзара Статистикалық, құқықтық, ақпаратпен алмасуды көздейді. Сондай-ақ келісім Тәжікстан азаматтығын алған отандастарымыз жөнінде де ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек сенаторлар Қазақстан мен Тәжікстан азаматтарының осы екі ел аумағында болу тәртібі туралы құжатты да ратификациялады. Жоба тараптардың аумағында қос ел азаматтарының 30 күнге дейін тіркеусіз болуын қамтамасыз етеді. Егер бұдан да көп мерзімде қалғысы келесе онда міндетті түрде тіркеуден өтіп, 90 күнге дейін тұрақтай алады.

Хабар 24 телеарнасы