375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз қоқыстан энергия өндіруді Финляндиядан үйренеді

  • 229
  • UPD: 18:38, 01.03.2019
Еліміз қоқыстан энергия өндіруді Финляндиядан үйренеді

Қазақстан қоқыстан энергия қуатын өндіруді Финляндиядан үйренбек. Қазір бұл бағытта екі жақ арасында келіссөздер жүріп жатыр. Айтып кету керек, бүгінде финдер қалдықтардың 97 пайызынан биоэнергия алады.

Ал бізде бұл көрсеткіш 11 жарым проценттің шамасында. Алдағы жылдары осы межені 50-ге дейін жеткізу жоспарда бар. Қазақстан мен Финляндияның сауда-экономикалық һәм инвестициялық әріптестігі жайын Астанада Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Финляндия сыртқы сауда және даму министрі Анне-Мари Виролайнен бастаған комиссия талқылады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Бізде қатты тұрмыстық қалдықтардың 11 пайызы ғана өңделеді. Өндірістік қалдықтардың 32 пайызы ғана өңделеді. Финляндияда бұл 97 пайыз. Бұл практиканы өзгертіп, Қазақстанда олардан технологияны тартып, тиісті бизнесмендерді шақырып, оларға жағдай жасап, біздің заңдар қайшы келсе, соларды өзгерту керек.

Хабар 24 телеарнасы