378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ІІМ ұжымы нәзік жандыларға құрмет көрсетті

  • 265
  • UPD: 15:59, 07.03.2019

Ішкі істер министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство басшысы Ерлан Тұрғынбаев салада басшылық етіп жүрген нәзік жандылар мен қызметкерлерді, сондай-ақ қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының жұбайларын марапаттады. Министрдің айтуынша, бүгінде ішкі істер органдарында 11 мыңнан астам әйел, оның 800-і жетекшілік лауазымда еңбек етіп жүр. Олар ер азаматтармен қатар істерді тергеу, қылмысты ашу, зерттеулер жүргізу, қоғамдық тәртіпті кадағалау және балалармен жұмыс істеу сынды маңызды міндеттерді атқарады. Марапаттау жиыны мерекелік концертке ұласып, қыз-келіншектерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

– Бұл мейрам бақыттың, қуаныштың, бүкіл халықтың көктем мерекесі және әйелдердің тепе-теңдік символы болып табылады. Біздің қатарымызда қайсар қыздар көп. Олар бір қолына қару ұстаса, екінші қолымен бесік тербетеді. Сондықтан осындай апа-қарындастарды төрімізге көтеріп, құрметтеу – бәріміздің парызымыз.

Хабар 24 телеарнасы