379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 1 жылға ұлғайған

  • 211
  • UPD: 11:53, 18.03.2019
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 1 жылға ұлғайған

Азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру көрсеткіші отандық денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі индикаторы болып саналады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 2016 жылмен салыстырғанда орта есеппен 1 жылға ұлғайған. Ал орташа жас 73-ке жетіпті. Ана мен бала өлімі де азайып келеді. Жалпы ішкі өнім құрылымында медицина саласына жұмсалатын шығын көлемі кісі басына шаққанда жылына 178 мың теңгеден келеді. Бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде жылына бір емделушіге жұмсалатын қаржы мөлшерінен 8 есе аз.

Хабар 24 телеарнасы