379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру ұсынылды

  • 222
Атыраудағы орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру ұсынылды

Атырау қалалық мәслихатының депутаттары орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастама қалалық мәслихаттың сессиясында бірауыздан мақұлданды. Енді бұрынғы Қаныш Сәтпаев көшесі Елбасының атына, ал академик Қаныш Сәтпаевтың есімі Азаттық көшесіне берілуі тиіс. Бұл ұсыныстар республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жолданды.

Хабар 24 телеарнасы