378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда қолдан жасалған бұйымдарға қызығушылық артқан

  • 161
Қазақстанда қолдан жасалған бұйымдарға қызығушылық артқан

Соңғы жылдары халықтың ұлттық өнерге, қолдан жасалған бұйымдарға деген қызығушылығы артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркістандық қолөнер шебері Пахриддин Садықов кәдесыйлар жасауға қажетті шикізатты көбіне Бішкектен әкелетінін айтады. «Өйткені бізде тері, киіз, былғары сияқты дүниелердің бағасы қымбат», – дейді. Ал ағашты Түркістан мен Қызылорданың маңайы мен Сырдың бойынан іздейді. Қолөнершілерге Үкімет тарапынан қолдау болмағанымен, халықтың ұлттық өнерге, ата дәстүрге құрметі жылдан жылға артып келетінін айтады. Алғашында ағаштан ойыншық жасауды үйренген ұста кейін мағыналы туындылар жасауды қолға алған. Бүгінге дейін 50-ге жуық шәкірт тәрбиелеп, ұлттық өнерді жастардың бойына сіңіруге атсалысып келеді. 

Пахриддин Садықов, ағаш шебері:

– Халыққа қолжетімді етіп жасаймыз. Халық қолжетімді дүниеге қызығады. Мысалы қобыз, домбыра, шаңырақ, тіл, дін, діл деп жатамыз. Осымен қызықтырамыз. Біз қазақтың болмысымен қызықтыра аламыз. Жалпы халықтың қызығушылығы жақсы.

Хабар 24 телеарнасы